Түркістан облысында жасөспірімнің аяғын комбайн шайнап тастады. Жазатайым оқиға Жетісай ауданына қарасты Асықата ауылында мақта ору кезінде болған. 17 жастағы бозбала комбайнды жөндеп жатқанда, техника кенет қозғалып кеткен. Сол сәтте оның аяғы орақ аппаратына қысылып қалыпты. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар арнайы құралдарды пайдаланып, жасөспірімді темір құрсаудан босатып алды. Ол өте ауыр халде аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Ақ халаттылар жедел ота жасап, аяғын кеспей, сақтап қалды.
НҰРЖАН ӘБДЕШЕВ, ЖЕТІСАЙ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАВМАТОЛОГЫ:
Оң аяқтың сан, балтыр және аяқ басы бөлімдерінің ауыр ашық жарақатымен келіп түсті. Ауыр жарақаттарына бірінші хирургиялық өңдеу жасалып, науқасқа керекті диагностикалық іс-шаралар жүргізілді. Науқастың жағдайы ауыр, бірқалыпты. Жағдайының тұрақтылығына байланысты науқасты бөлімшеге ауыстыру жоспарлануда.