Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 18 қаралым

Банкті алдаған алаяқтар ұсталды

Несиені өзгеге іліп, талай темір тұлпарды шекара асырған алаяқтар тобы ұсталды. Олар банктер мен микроқаржы ұйымдарын алдап, жалған тұлғалардың атына автокөлік рәсімдеген. Оңай олжаға кенелдік деп арқаны кеңге салғандар осылайша 56 машинаны сыртқа сатып үлгеріпті. Бірақ заңның құрығы ұзын екенін ескермеген сыңайлы. Еліміздің 10 өңірінде жүргізілген арнайы операциядан соң 48 күдікті полиция бөліміне жеткізілді. Ал қылмыстық схеманы ұйымдастырған алты адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ҚАНАТ НҰРМАҒАМБЕТОВ, ҚР ІІМ КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Ішкі істер министрлігімен еліміздің 10 өңірінде жедел іс-шаралар жүргізілді. Нәтижесінде 48 адам ұсталып, полицияға жеткізілді. Оның ішінде 6 күдікті ұйымдастырушы ретінде уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасуда.

← Барлық жаңалықтар