Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 20 қаралым

Өңірлердің өркендеуі – халықтың әл-ауқатын жақсартпақ

Қала мен ауыл-аймақтағы инфрақұрылым қатар дамыса, халықтың өмір сүру сапасы да жақсармақ. Мемлекет басшысының жуырда Жолдауда айтқан бастамаларын студенттер кеңінен талқылауда. Олардың пікірінше, өңірлерде жаңа спорт кешендері мен мәдениет үйлері көптеп салынса, талантты жастарға мүмкіндік көбеймек. Ең бастысы, ұсыныстың барлығы қағаз жүзінде қалып кетпей, нақты іске асса, дейді көпшілік.

СТУДЕНТ:

Қазіргі таңда тек үлкен қалалардың ғана емес, ауылдардың және елді мекендердің дамуы да елдің дамуына үлкен үлес қосады деп ойлаймын. Мен студент ретінде бұл бастаманы қолдаймын. Себебі жаңа мектептер, ауруханалар, спорт кешендері еліміздің дамуына және жастарға үлкен көмек береді деп сенемін.

БЛИЦ:

Қазақстанымызға жаңа үйлер, жаңа мектептер, жаңа ауруханалар, түрлі мәдени кешендер керек. Бұл дегеніміз – елімізде халыққа арналған жаңа өркениет орындары ашылса, халыққа қолайлы орта қалыптасады деген ойдамын.

← Барлық жаңалықтар