Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 35 қаралым

Елімізде алғаш рет жасанды интеллект көмегімен заң жобасы әзірленді

Қазақстанда алғаш рет жасанды интеллект көмегімен заң жобасы әзірленді. Ai-Quryltai платформасы арқылы жазылған құжат – балалардың цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздігіне бағытталған. Мұнда интернеттегі әрбір ойын мен қосымша бағдарламалар жіті тексерілген. Енді бақылау күшейіп, зиянды контенттерге тосқауыл қойылмақ.

ДИНАРА ЗӘКИЕВА, ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Барлық платформаларға «ата-ана бақылауы» тетігін енгізу қарастырылып отыр. Яғни балаларға арналған «сүзгі» енгізіліп, сәйкесінше, барлық таңбаланбаған және тексерілмеген цифрлық және ақпараттық өнімдер, қосымшалар, ойындар балаға қолжетімсіз болады. Сондай-ақ платформаларда қауіп пен заң бұзушылықтар анықталған жағдайда бұғаттау жөніндегі талаптарды енгізу ұсынылады.

Халық қалаулыларының сөзінше, жаңа жүйе ұсынған материал мамандардың сүзгісінен өткен. Заңгерлер мен сарапшылар құжатты тексеріп, 120-дан астам түзету енгізіпті. Осы ретте депутаттар жасанды интеллектінің көмегімен ауқымды ақпараттарды саралап, құқықтық қайшылықтарды анықтауға мүмкіндік туып отыр дейді.

← Барлық жаңалықтар