Енді елімізде онлайн-платформалар мен масс-медиаға қойылатын талаптар күшейтіледі. Осыған қатысты екі заң жобасы Құрылтайда қаралды. Жаңа түзетулер кімге қандай міндеттер жүктейді? Интернет кеңістігінде тәртіп қалай орнамақ?
ЖАНАР АРҒЫН, ТІЛШІ:
Бүгін Құрылтайда бірқатар маңызды заң жобасы қаралды. Депутаттар онлайн-платформалар мен масс-медиаға қатысты түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады. Басты мақсат – интернеттегі тәртіпті күшейтіп, қолданушылардың құқығы мен қауіпсіздігін қорғау. Енді шетелдік платформалар Қазақстанда өз өкілдігін ашуға міндеттелуі мүмкін.
Сондай-ақ, онлайн-кинотеатрлар мен телеарналардың цифрлық кеңістіктегі қызметі де заңмен реттелмек. Ал, желіде жала жауып, былапыт сөз қолданғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылуы ықтимал. Яғни, интернеттегі еркіндікпен бірге жауапкершілік те қатар жүруі керек деген ұстаным заң жүзінде бекітілмек. Елге ақыл айтып, түрлі кеңес беретін коучтер мен психологтардың, емші, балгер, көріпкелдердің де әлеуметтік желідегі жұмысы қадағаланбақ.