Мемлекет басшысы Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуын болжайтын сараптама тобын бекітті. Құрамына 31 маман енген оған Вице-президент Ерлан Қарин жетекшілік етеді. Оның екі орынбасары мен бір хатшысы бар. Бұл жаңа құрылымның жұмыс органы Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты саналады.
ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:
Стратегиялық даму мәселелері жөніндегі сараптама тобы – Президент жанындағы консультативтік-кеңесші орган. Ол Қазақстан Республикасының ұзақмерзімді дамуына қатысты тұжырымдамалық тәсілдер мен басымдықтарды сараптамалық тұрғыдан пысықтау мақсатында құрылған. Сараптама тобының негізгі міндеттері – концептуалды тәсілдерді анықтау және сараптамалық жағынан әзірлеу, талдамалық, әлеуметтік, сондай-ақ форсайт зерттеулердің нәтижесін талқылау.
Сараптама тобының отырысы қажет кезде, алайда кем дегенде айына бір рет өтеді. Оған мемлекеттік органдар, ғылыми ұйымдар, сарапшылық қауымдастықтар, іскерлік орта, азаматтық өкілдері қатыса алады.