Құрылтай депутаттары бүгінге дейін 18 заң қабылдапты. Тағы 38 заң жобасын пысықтап жатыр екен. Одан бөлек, халық қалаулыларының бастамасымен өңірлердегі инфрақұрылымдық жобаларға қосымша 47 миллиард теңге бөлінген. Бұл туралы Құрылтай төрағасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа есеп беру кезінде мәлімдеді. Айбек Дәдебай мәслихаттармен байланысты нығайту мақсатында арнайы кеңес құрылғанын атап өтті. Сондай-ақ жасанды интеллект негізінде әзірленген AI-Quryltai платформасының тиімділігін айтты. Кездесуде «Әділет» партиясының атқарып жатқан жұмыстары да талқыланды. Жиын соңында Мемлекет басшысы заң шығару ісінің тиімділігін арттыру, партиялық бастамаларды жүзеге асыру бағытында тиісті тапсырмалар берді.