Қыс мезгілінде алыс жолға шығатын жүргізушілерге ескерту жасалды.
Қарлы боранда жол жабылып немесе көлік істен шықса, құтқарушылар жеткенше уақыт кетеді. Ондай кезде тоңып қалмас үшін тәртіп сақшылары көлікте ең қажетті заттардың болуын қаперге салады.
Олар: жылы киім мен көрпе, қуаттағыш, қолшам, сүйрету арқаны, шағын күрек пен мұз қырғыш. Сондай-ақ апаттық белгі, жарық шағылыстыратын кеудеше, дәрі қобдишасы мен өрт сөндіргішті де ұмытпаған жөн.
Синоптиктер алдағы күндері елімізде ауа райы құбылып, жауын-шашын болатынын хабарлады. Сондықтан жолда жылдамдықты асырмай, арақашықтықты сақтаңыз. Ал боран күшейсе, сапарды кейінге қалдырған дұрыс. Көмек қажет болса, «102» немесе «112» нөміріне қоңырау шалыңыз.
Үсен Астана