Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 23 қаралым

Көлігіне жанармай багын заңсыз орнатқандардың жолы кесілді

Жыл басынан бері көлігіне қосымша жанармай багын заңсыз орнатып алған 634 жүргізуші жауапқа тартылды. Біздегі арзан отынның көрші елдерге жөн-жосықсыз тасымалдануына тосқауыл қою үшін тәртіп сақшылары шекарадағы бақылауды күшейткен. Осылайша, оңай жолмен қалтасын қампайтқысы келген талай жүргізушінің дегені болмай, істі болып жатыр. Айта кетейін, елімізде сұранысқа ие АИ-92 маркалы бензиннің литрі 255 теңге тұрса, көрші Ресейде оның құны 400 теңгеге дейін жетеді екен.

АҚТОТЫ БОРАНОВА, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Рейдтердің басты мақсаты — ауыр жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жанар-жағармай материалдарын республикадан тыс жерлерге заңсыз әкетудің жолын кесу. Жыл басынан бері ел бойынша қосымша бактарды заңсыз орнатудың 634 дерегінің жолы кесілді. Соңғы бір тәулікте ғана тағы екі дерек анықталды.

← Барлық жаңалықтар