Алматыда бес адамның өмірін жалмаған өртке қатысты үй иелері үн қатты. Жатақханадағы бөлмені жалға алушы тұрғынның бұрынғы көңілдесі қызғаныштан тура сол пәтердің есік алдына от қойып, сыртқы есікті арматурамен жауып кеткенін айтады. Егер алау тоқтан не газдан тұтанса, дәл бұлай тез жалындап, тарап кетпес еді дейді. Оның үстіне, келіншектің түн ішінде үйге кіріп-шыққаны бейнебақылауға түсіп қалыпты.
Бес адам қаза тапқан өртенген үйдің есігі әлі құлыптаулы. Қап-қара, алқам-салқамы шыққан шатыры ғана көрінген жерде марқұмдардың туыстары айналшықтап жүр. Күймеген заттары мен құжаттары болса алғысы келеді. Солардың бірі марқұм болған 60 жастағы әйел мен қыздың жақындары. Аядай бөлмені бес жылдан бері паналаған екен. Келіні, пәтердің терезесі кішкентай, олар шыға алмай тұншықты-ау деп күрсінді.
ЛАУРА БАУКЕЕВА, МАРҚҰМНЫҢ КЕЛІНІ:
Шыға алмайды. Өйткені, терезе ашылмайды. Мынадай терезе ғой форточка. Сложный ашылады. Ол биікте тұр. Оның жанында холодильник тұратын. Ол терезенің жартысын жауып тұрады. Соған қарағанда мүмкіндік жоқ шығуға. Тұншығып қалды. Моргке барсақ, списокта тұр екен, бірақ моргке барып, әлі көрсетпеді бізге ол кісілерді.
Өрттен кейін алғаш сұхбат берген үй иелері сол түнді қорқынышпен еске алуда. Таң ата тұтанған тілсіз жауды ең әуелі қожайынның ұлы көріпті. Бірден отбасым мен жалдамалы пәтерлерді қағып, тұрғындарды оятып шығардым дейді. Тек екінші қайтара 9 жастағы қызға ішке ұмтылғанында, жалын күшейіп кіре алмаған. Үйдің иесі бұл қасақана қойылған өрт екеніне сенімді, себебі, тоқтан не газдан шықса, дәл осылай тез жанып, ғимарат күлге айналмас еді дейді.
ҚУАНЫШ КЕҢЕС, ҮЙ ИЕСІНІҢ ҰЛЫ:
Бензин қойған, предварительно смесь деп отыр. Но бензин, солярка смесь точно білмейміз, логикаға сыйымды дүние смесьпен ғана болады. Өйткені жәй поджог ол олайынан соншалықты қысқа уақытта үлгермейді жанып. Бізге МЧС 4 минутта келді. Звонок зафиксировано. Соның өзінде өрттің күші өте көп. Бұл замыкание де, басқа да емес.
БЕЙНЕЖАЗБАДАН:
3:14 минут девушка спускается, заходит в жилой дом. Вот она дальше. 3:35 она выходит из дома. Дальше через две минуты начинается пожар, задымление.
Ал мынау сол түнгі бейнебақылау. Өрт басталардан бірнеше минут бұрын үйге белгісіз әйелдің кіргені, шыққан бетте ғимараттың будақтап түтіндегені анық көрінеді. Қожайынның ұлы пәтер жалдаған азаматтың бұрынғы көңілдесі дейді. Жігітін қызғанып, дәл сол тұратын бөлменің алдына өрт қойғанын айтады. Тағы бұл бірінші рет емес, үш ай бұрын ғана бүкіл киімін өртегенде жатақханадан қуып шығыпты.
ҚУАНЫШ КЕҢЕС, ҮЙ ИЕСІНІҢ ҰЛЫ:
Бірақ бұл 99 процент поджог. Экспертиза әлі утверждать еткен жоқ, утверджать етпесе де, предварительно аппаратурамен есептегендер. Ол кісі бізде тұратын Арман деген кісінің сожителі. Ол кісі по счету бесінші өрті жасап жатқан. Сол кісі қай жерлерде тұрған, сол жерлерді өртеп жүрген. Бізде потвержающий фактілер де бар, свидетельдерді де алып келе аламыз.
Әзірге полиция ол туралы жақ ашпады, тергеудің аяқталуын күтіп отыр. Айта кетейік, Вахтангов көшесіндегі дәл осы жер үйлердің бәрі сүрілуге дайын, қаңырап тұр, тұрғындар әлдеқашан көшіп кеткен. Тек екі ғана қожайын келіспей отыр. Оның бірі осы өртенген баспана. Себебі нысанды әкімдік тек 80 млн теңгеге бағалапты. Ал оған үй иелері тым аз деп көнбеген.