Балаларды таксимен жібергенде абай болыңыздар! Алматыда жолаушы қызға қол жүгірткен жүргізуші қамауға алынды. Оқиға жайлы жасөспірімнің анасы полицияға шағымданған. Жәбірленушінің айтуынша, ер адам жол бойы оған рұқсатсыз қол тигізіп, межелі жерге жеткен соң көліктен шығармай қойған. Тіпті күштеп құшақтап, сүймек болған. Арыз түскен бойда Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктіні бірден қолға түсіріп, уақытша ұстау изоляторына қамады. Қазір осы дерекке қатысты тергеу жүріп жатыр.