Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 25 қаралым

Күн райы бұзылды: жүргізушілердің назарына!

Кешелі-бері еліміздің бірқатар өңірінде күн райы күрт бұзылды. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге қатаң ескерту жасады. Қар мен жаңбыр жауып, жолдар көктайғаққа айналып жатыр екен. Мұндайда апат қаупі де арта түседі. Сондықтан тәртіп сақшылары алыс сапарға шығар алдында ауа райы болжамына көңіл бөліп, жолдың жай-күйін біліп алуға кеңес береді. Бұдан бөлек, тұрғындарды жолдан өткенде барынша сақ болып, ұялы телефонға үңілмеуге шақырады. Ал 1 желтоқсаннан 28 ақпанға дейін көлікті қысқы дөңгелексіз тізгіндеуге қатаң тыйым салынады.

АРХАТ ТӨЛЕГЕНОВ, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:

Қолайсыз ауа райы жолдағы қауіпсіздікке тікелей әсер етеді. Көріну қашықтығы төмендеп, көліктің тежеу жолы ұлғаяды. Осыған байланысты жүргізушілерге жылдамдықты төмендетіп, көлік құралдары арасында қауіпсіз қашықтық пен бүйірлік аралықты сақтауды, кез келген маневрді барынша сақтықпен орындауды ескертеміз.

← Барлық жаңалықтар