Алматыда бес адамның өмірін жалмаған өртке қатысты тың дерек. Бұған дейін журналист Михаил Козачков жалдамалы баспананы белгісіз әйел әлдекімдерден кек алу үшін қасақана өртеуі мүмкін екенін айтқан еді. Ал бүгін оның телеграм арнасында сол маңдағы тұрғын үйдің бейнебақылау камерасына жазылып қалған видео тарады.
БЕЙНЕЖАЗБАДАН:
3:14 минут девушка спускается, заходит в жилой дом. Вот она дальше. 3:35 она выходит из дома. Дальше через две минуты начинается пожар, задымление.
Өрт басталардан бірнеше минут бұрын үйге қара күртке мен сұр бас киім киген белгісіз әйел кірген. Ол іште бар-жоғы екі-үш минуттай ғана болып, артынша асығыс шығып кеткен. Көп ұзамай-ақ ол жерден будақтап түтін шыға бастаған, дейді кадр сыртындағы куәгер. Қазір тергеу осы нұсқаны тексеріп жатыр екен. Болжам бойынша, өрт бензиннен тұтануы мүмкін. Бұл дерек арнайы құралдар арқылы анықталыпты. Қазір түн ішінде тұрғын үй маңын торуылдаған келіншектің жеке басы да белгілі болыпты. Ол жауап беріп жатыр екен. Кейбір дерек бойынша, әйел осы үйдегі азаматтың бірімен бұрын қарым-қатынаста болған көрінеді. Еске салайын, қайғылы жағдай 26 қарашаға қараған түні болған. Өрт салдарынан 5 адам тірідей жанып кетті. Оның бірі 9 жастағы қыз бала.