Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 29 қаралым

Күйеуі ұрған әйел ауруханада көз жұмды

Жамбыл облысында 50 жастағы әйел азаматтық некедегі күйеуінің қолынан қаза тапты. Бұл туралы марқұмның туыстары хабарлады. Қызының айтуынша, анасы аяусыз соққыға жығылған. Түні бойғы тепкіден денесінің сау тамтығы қалмапты. Сұлап түскеннен кейін жерде бірнеше сағат бойы жатқан. Алайда ер адам жедел жәрдемді тек 10 сағаттан кейін ғана шақырыпты. Кейін ол бұл әрекетін «әйелім жай ғана ұйықтап жатыр деп ойладым» деп түсіндірген. Денесі түгел көгеріп, басынан ауыр жарақат алып, миы шайқалған келіншек өте ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Жансақтау бөліміне түскен ол есін жимастан көз жұмды.

ГҮЛСАРА МҰХТАРҚҰЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті 40 жастағы ер адам ұсталып, қамаққа алынды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, тиісті зерттеулер тағайындалды.

← Барлық жаңалықтар