Перейти к содержимому
· 39 просмотров

Балаңызға телефон емес кітап беріңіз!

Балаңыз қаржылай сауатты болсын десеңіз қолына телефон емес кітап беріңіз. Бас қалада «Балаңның бойындағы қаржылық алыпты оят: Абай ілімі арқылы» деген туындының тұсауы кесілді. Бұл  экономист   Бауыржан Ысқақтың еңбегі. Кітап жай ғана білім беріп қана қоймай, жас буынның бизнеске бет түзеуіне жөн сілтейді. Мотивациясын оятады. Қаржылық терминдермен миын ашытпай, Абайдың ілімдерімен ұштастырып тілге жеңіл жазылған. Автордың өзі осылай дейді. Сондай-ақ балаларға табандылық пен жүйелі әрекеттің маңыздылығы көрсетілген.

БАУЫРЖАН ЫСҚАҚ  — КІТАП АВТОРЫ

«Бұл кітап негізінен қолына қалам ұстап, кітап оқи бастаған баланың барлығына болады. Өйткені бұл жерде Абай атамыздың ертегілері бар. Абай атамыздың айтқандары бар. Жалпы әртүрлі ойын форматында жазылған азаматтардың осы қаржылық сауаттылығын арттыруға қажетті дүниенің бәрі бар. Екіншіден бұл өзінің ұрпағының болашағына бей-жай қарай алмайтын барлық ата-анаға қажетті кітап деп ойлаймын.»

Жақсылық Жасұланұлы

← Все новости