Астанада ақпараттық технология тілін меңгерген ең үздік ұстаздар бас қосты. Елордалық колледждің бірінде «Цифрлы педагог» атты республикалық кәсіби шеберлік бәйгесі басталды. Білім саласын заман ағымына сай жаңғыртуды мұрат еткен бұл сайысқа, еліміздің әр қиырынан еңселі мамандар жиналды.Үш күнге созылатын білім бәсекесінде педагогтер заманауи IT-технологияларды қалай меңгергенін көрсетіп, жобаларын ортаға салмақ. Бұл жай ғана талап пен талғам сыналатын белес емес, иық тірескен әріптестердің өзара тәжірибе алмасып, біліктілігін паш ететін мәртебелі жиыны.
МАЙРА СЕМБИНА, АСТАНА ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
«Ең біріншеден бұл ұстаздар үшін, яғни кәсіби шеберлікті шыңдауға, одан кейін өзінің инновациялық тәжірибені тарату алаңы болып табылады. сонымен қатар, яғни педогогтердің аттестаттау қағидалары бойынша, яғни әр педогог өзінің кәсіби шеберлігін шыңдау мақсатында, қатысу керек осындай конкурстарға».
Үсен Астана