Перейти к содержимому
· 3 просмотра

Жасанды интеллект заман талабы

Елімізде нейрожүйені барлық салаға енгізу бойынша қарқынды жұмыс жүріп жатыр. Бұл жолы жаһанның белді университеттерінің профессорлары елордада бас қосты.

Астанадағы Еуразия Ұлттық университетінің қабырғасында жаңа технологияға арналған ауқымды форум өтті. Жиынға арысы Америка берісі кәрі құрлықтан білікті мамандар арнайы келіп, отандық оқытушылармен пікір алмасты.

Сондай-ақ, шарада жасанды интеллектіні тек студенттердің білім алуына ғана емес, мемлекеттік басқару саласына да енгізу тетіктері талқыланды. Бұдан бөлек, мамандар академиялық қарым-қатынас көкжиегін кеңейту мүмкіндіктерін қарастырды.

ҰЛБОСЫН ЕСЕНБЕКОВА, Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ:

«ЖИ бұл тек жаңа технология емес бұл біздің 21 ғасырдағы яғни өркениетте трансформацияның негізін өзгертетін 3 технология бар. Осы 3 технология біріксе бұл ғылымды да экономиканы да өзгертіп қоймайды. Ол бүкіл адамзаттың тұтастай өркениетін өзгертетін болады».

Қайыркен Отыншы

← Все новости