Перейти к содержимому
· 4 просмотра

Жас ғалымдар үйлеріне кірді

Еңбегі еленіп, үйлі болды. Кәсіби мерекесі қарсаңында Президент қолынан су жаңа пәтердің кілтін алған ондаған жас ғалым баспанасына енді кіріп, қоныс тойын тойлап жатыр.  Үй толықтай жиһазбен жабдықталған, тұруға дайын күйде тапсырылыпты.  Зерттеушілер тек жеке заттарын көшіріп, алғашқы қонақтарын қарсы алуға дайындалып жүр.

ӘЛІШЕР МҮТӘЛІ, ЯДРОЛЫҚ ФИЗИКА ИНСТИТУТЫНЫҢ АСТАНА ФИЛИАЛЫНЫҢ АҒА ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

«Мен отбасылымын. 3 бала-шағам бар. Бұған дейін жалдамалы пәтерлерде тұрып келдік. Ол жас ғалымдар үшін үлкен қолдау деп сенемін. Жас ғалымдарға тұрақтылық беріп қана қоймай, өзінің жұмысына толыққанды ден қоюына жоғарғы үлкен жетістіктерге жетуіне сондай септігін тигізеді деп ойлаймын»

ЭЛЬМИРА БАЗЫЛХАНОВА, С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАУЫМДАСТЫРЫЛҒАН ПРОФЕССОРЫ:

«Бұл салада 15 жылдан бері еңбек етіп келе жатырмын. Осындай үлкен зор еңбектің нәтижесін кеше ғана елордамызда Президентіміздің қолынан пәтердің кілтін алып, жемісін көріп отырмыз. бұл бізді ары қарай жоғары биік белестерді алуға шабыттандырады»

Баспаналар жас ғалымдарға өтеусіз негізде берілген.  Осылайша, зерттеушілер тұрмыстық мәселелерге алаңдамай, бар назарын ғылыми ізденістерге аудара алады.

БИБІГҮЛ НҰРҒОЖИНА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

«Қызым міне оқуын оқып, оқу орнын бітірді. Енді міне пәтір алып отыр. арманына жетті. Тілеген армандарына жете  берсін барлығы. Осындай пәтер алмағандар ала берсін».

Нұрай Құрақпай

← Все новости