Перейти к содержимому
· 6 просмотров

Табиғатты бүлдірген жүргізуші жазаланды

10 тәулікке қамалды! Маңғыстаудың әсем табиғатын «автодроммен» шатастырған жүргізуші осындай жаза арқалады.

Айрақты-Шоманай алқабында көлігімен ойқастап, табиғатқа зиян келтірген тізгінші он тәулікті темір торда өткізетін болды.

Бір қызығы, бейнежазбаны дрифт жасаған жігіттің өзі түсіртіп, әлеуметтік желіде қаралым жинауды көздеген. Жүргізушінің мұндай әрекеті бірінші рет емес. Бұған дейін де бірнеше рет полицияның назарына іліккен.

Тәртіп сақшылары бұл қылықты жай ғана «шоу» емес, жол қауіпсіздігіне төнген қатер әрі экологияға жасалған зиян деп бағалады.

Үсен Астана

← Все новости