Перейти к содержимому
· 8 просмотров

Онкологияны ерте анықтау деңгейі өскен

Елімізде онкологиялық ауруларды ерте анықтау көрсеткіші 35 пайызға дейін өскен. Бұл туралы Үкімет отырысында Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, онкологиялық скринингтен барлық азамат міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәртебесіне қарамастан өте алады. Сонымен қатар инсульт белгілерін ерте анықтауға бағытталған скринингтер де жанданып, 300 мыңнан астам адам бақылауға алынған.

АҚМАРАЛ ӘЛНАЗАРОВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

Онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтау шамамен 35 пайызға дейін өсті. Тиімді зерттеулермен қамту 4 пайыздан 38 пайызға дейін артты. Қан айналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім мен мүгедектікті азайту үшін елімізде инсульт орталықтарының желісі қарқынды дамуда. Қазіргі уақытта заманауи жабдықталған 85 орталық қажеттілікті толық қамтамасыз етеді.

Маржан Нүсіпбек

← Все новости