Алматыда ескі автокөліктерді сатып алып, оларды утилизациялау жұмыстары басталмақ. Қала билігі осылайша шаһардың экологиялық жағдайын жақсартуды көздеп отыр.
Бұл мақсатта мегаполисте автопаркті жаңартумен айналысатын арнайы компания құрылады. Талаптарға сай келмейтін, тозығы жеткен көліктер толық сатып алынады.
Ал иелеріне жаңа автокөлік алуға қолайлы жағдай ұсынылады. Атап айтқанда, жеңілдетілген несие, лизинг және trade-in бағдарламалары қарастырылған.
Жобаға әкімдік пен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациядан бөлек, отандық автокөлік өндірушілерді де тарту жоспарланып отыр.
Рамазан Палмағанбет