Алматыда ТМД елдерінің әскери қызметкерлері арасында қазақ күресі мен самбодан екінші чемпионат басталды.
Боз кілемде Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Беларусь және Ресейден келген 70-тен астам спортшы бақ сынауда.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жарыстар әскерилер арасындағы байланысты нығайтып қана қоймай, ұлттық спорттың мәртебесін арттыруға ықпал етеді.
Жарыстың алғашқы күні балуандар самбодан сынға түседі. Ал екінші күні қазақ күресінен белдесулер өтеді.
ҚАНЫШ ӘБУБӘКІРОВ, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Самбо — әскерилер үшін аса қажет спорт түрлерінің бірі. Спорт адамның мінезін қалыптастырып, ішкі дүниесін шыңдайды. Спортпен айналысқан адам шыдамды болады. Сондықтан бұл біздің әскер үшін маңызды деп санаймын.
Ұлан Тәліпбай