Перейти к содержимому
· 11 просмотров

41 жастағы келіншек үшем босанды

Түркістан облысында 41 жастағы келіншек үшем босанды. Үш ұлға Айқын, Айдын және Арсен есімдері берілді.

Дәрігерлер ананы жүктіліктің 32-аптасында кесар тілігі арқылы босандырған. Айы-күніне жетпей туған нәрестелер бірден тыныс алу аппаратына қосылған.

Сәбилер біраз уақыт дәрігерлердің бақылауында болып, жағдайлары жақсарған соң үйлеріне шығарылды.

Айта кетейік, бұған дейін бұл отбасыда бір қыз және бір ұл болған. Енді олар көпбалалы отбасы атанды.

Ғалымжан Кенжебек

← Все новости