Voice Beyond Horizon халықаралық ән байқауының жеңімпазы белгілі болды. Димаш Құдайберген бастамашы болған жоба аясында қазақстандық Нұржас Садырбаев топ жарды.
Әнші көрермендерді әуезді үнімен және талантымен тәнті етті. Халықаралық аудиторияның ықыласына бөленген жерлесіміз бұл жетістікті тек өзінің ғана емес, бүкіл Қазақстанның жеңісі деп бағалады.
Жеңімпазды Премьер-министрдің орынбасары, Ақпарат және мәдениет министрі Аида Балаева мен Димаш Құдайберген арнайы құттықтады.
Байқау түсірілімдері еліміздің көрікті өңірлерінде өтті. Жобаға Қытай, Малайзия, Сербия, Италия және Қырғызстаннан келген өнерпаздар қатысты.
Жоба Түркістанда басталып, Ақтау мен Алматыда жалғасып, Астанада қорытындыланды.
Ақбаян Сұлтанмұратова