Перейти к содержимому
· 8 просмотров

2 жылда 24 мың студент оқудан шыққан

Алмақтың да салмағы бар. Елімізде соңғы екі жылда 24 мың студент оқудан шығарылған.

Грант ұтып, мемлекет қаржысына білім алғанымен, оқу жауапкершілігін толық атқармай, міндетінен жалтарып жүргендер аз емес. Бұл мәселені Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы өкілдері көтерді.

Палата мүшесі Тілеген Каскиннің айтуынша, елімізде оқудан шығарылған студенттерден мемлекет жұмсаған қаражатты толық қайтарудың тиімді тетігі жоқ. Соның салдарынан бюджетке келетін шығын көлемі артып отыр.

ТІЛЕГЕН КАСКИН, ЖОҒАРЫ АУДИТОРЛЫҚ ПАЛАТАСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бұл ретте оқудан шығарылған студенттер бойынша қаражатты қайтарудың толыққанды тетігі жоқ. Сондай-ақ міндетті жұмыстан жалтарып, магистратураға түсіп, кейін оқудан шығарылу арқылы жүзеге асырылатын қосымша схема да қалыптасқан. Тек осы санат бойынша мемлекетке келтірілген залал көлемі 1,8 миллиард теңге деп бағаланып отыр.

Осылайша, грант жүйесіндегі бақылаудың әлсіздігі мемлекет қаржысының тиімсіз жұмсалуына әкелуде.

Нұрай Құрақпай

← Все новости