Қытайда туған қазақ қызы Бүрлен Әділет Алтай мен Атыраудың арасын велосипедпен жүріп өтуді мақсат етті.
Ол сапарын 20 сәуірде Маңғыстау облысынан бастап, жүздеген шақырымды артқа тастаған. Қазіргі таңда велосаяхатшы Атырау облысындағы Доссор кентіне жетті.
Жергілікті билік өкілдері оны қарсы алып, өңірдің тарихымен таныстырған.
Бүрленнің айтуынша, сапардың басты мақсаты — Қазақстан туризмін дамыту және елдің бай табиғатын кеңінен насихаттау.
БҮРЛЕН ӘДІЛЕТ, ВЕЛОСАЯХАТШЫ:
Атамекенімізді көріп, қазақ халқының тыныс-тіршілігімен танысқым келді. Сондықтан осындай игі сапарға шығуды жөн санадым. Бұл сапар арқылы Қазақстанның қауіпсіз ел екенін де көрсетіп жүрміз. Бір аптаға жетер-жетпес уақытта көмек керек пе деп сұраған жандардың саны жүзден асты. Баршаңызға үлкен рақмет.
Бүрлен Әділет бұл сапарында Қазақстанның шамамен 18 қаласын аралап шығуды жоспарлап отыр. Ал елордаға Астана күніне дейін жетуді көздейді.
Бердібек Қарынбай