Перейти к содержимому
· 8 просмотров

92 жастағы қария неке қидырыпты

Алматыда некеге өтініш бергендердің ең егдесі тоқсанның төріне шыққан ақсақал екен. Жалпы, шаһарда жыл басынан бері 4600 жұп отбасы болыпты. Орта есеппен күн сайын 70-ке жуық некелесу рәсімі өтеді. Дегенмен, бір басы екеу болғандардың көбі өмірлік серігін кеш тапқан. Қалыңдықтардың орташа жасы 29 болса, жігіттердікі 32. Ал алып-ұшқан албырт сезіммен некелескен ең жас жұп небары 16 жаста екен. Ал үйленгенімен үй бола алмаған 934 отбасы ажырасу туралы өтініш қалдырыпты. Бұдан бөлек, осы кезеңде 409 шетел азаматымен неке тіркелген.

← Все новости