Перейти к содержимому
· 7 просмотров

Бірлік күнінде «BIRLIK» ансамблі көрермендерді шаттыққа бөледі

Бірлік күнінде «BIRLIK» ансамблі көрермендерді шаттыққа бөледі. Астанада қазақ халқының тұңғыш кәсіби бишісі Шара Жиенқұлованың шығармашылық мұрасына арналған ерекше кеш өтті. Әуенді жүрек дүрсілімен үндестірген өнерпаздарды ел ерекше ықыласпен тамашалады. Көркем өнер 15-тен астам ұлт пен ұлыс өкілінің басын біріктірген. Көрерменге әлемнің түрлі халықтарының дәстүрлерін бейнелейтін хореографиялық қойылымдар ұсынылады. Олардың арасында қазақ, орыс, тәжік, өзбек, түрікмен және өзге де елдердің билері бар. Бұл іс-шара Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылып отыр.

ӘНЕЛ МАРАБАЕВА, «BIRLIK» БИ АНСАМБЛІНІҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ:

Біз өз концертімізді Шара Жиенқұлованың құрметіне орай ұйымдастырдық. Өйткені ол қазақ мәдениетін көкке көтерген тұлға. Бүгінгі біздің бишілердің әр қимылы оның ерен еңбегінің жемісі деп білемін. Біз өнер арқылы бірлік пен достықты дәріптейміз. Елімізде үнемі тыныштық пен мереке болғанын қалаймыз.

← Все новости