Перейти к содержимому
· 14 просмотров

Партизандардың ерлігі ескерілді

Францияны азат етуге қатысқан бес қазақстандық партизанның отбасына медаль табысталды. Бұл мәртебелі марапаттар бабаларымыздың Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы қаһармандығы мен фашистік басқыншыларға қарсы көрсеткен ерен ерлігі үшін берілді. Салтанатты шара Астанадағы Шарль де Голль ескерткішінің алдында өтіп, оған Францияның еліміздегі елшілігінің өкілдері мен майдангерлердің ұрпақтары қатысты.

ДӘУЛЕТ ҚАДЫРОВ, ҚР ҚК ӘСКЕРИ-ТАРИХИ МУЗЕЙІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Франция елшілігімен бірлесе осылай қазақстандық партизандарды марапаттауға бастама көтерілген болатын. 2025 жылы үш қазақстандық партизан осы Франция елімен марапатталды. Міне, биыл біз тағы да 5 қазақстандық партизанды марапаттап жатырмыз. Бұл өте маңызды іс деп білеміз. Себебі сол аталарымызды ұлықтау біздің міндетіміз, біздің парызымыз. Олардың ерлік жолын үлгі ете отырып, біз өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беруіміз керек.

Ал қаһармандардың үрім-бұтағы ата-бабасының еңбегі еленіп, мемлекеттік деңгейде ұлықталып жатқанына дән риза екенін жеткізді.

ЗЕЙНАШ БАЙЖАНОВА, ПАРТИЗАН БЕКТЕМІР БАЙЖАНОВТЫҢ ҚАРЫНДАСЫ:

Қаншама жыл өтсе де, 80 жылдан кейін Байжановтар әулетіндегі үлкен осындай бір естелікті күн болып тұр. Француз халқы қаншама жыл өтсе де әкелеріміздің ерлігін бағалап, осындай керемет ескерткіш беріп отырғанына бізге шынында да әсерлі болып отыр.

← Все новости