Перейти к содержимому
· 16 просмотров

Ипотека алу жеңілдейді

Енді ипотека алу жеңілдейді. 1 шілдеден бастап несиенің жылдық үстемақысы 25 пайыздан 20 пайызға дейін төмендейді. Тиісті шешімді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қабылдады. Негізі аталған өзгеріс 2025 жылдың қарашасында күшіне енуге тиіс болған.

Алайда сол кезде Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18 пайызға дейін көтеріп, екінші деңгейлі банктер ипотекалық несие беруді уақытша тежеген еді. Сарапшылардың айтуынша, банктер үшін мұндай жағдайда несие беру тиімсіз болған. Мамандардың пікірінше, мөлшерлеменің аздап төмендеуі банктердің ипотекалық бағдарламаларды жаппай қысқартуына әсер етпейді.

← Все новости