Перейти к содержимому
· 11 просмотров

Атыраулық полицейлер қасыңнан табылады

Атырау облысында жеті жастағы бүлдіршін жоғалып кетті. Кішкентай баласымен үйде отырған ана қас-қағым сәтте үлкен ұлынан көз жазып қалыпты. Абырой болғанда, бағытынан жаңылған баланың жанынан тәртіп сақшылары табылды. Балақай өз бетімен көшеге шығып, қайтар жолды адасып кеткен. Жеті жастағы ұлға тағдырдың төтенше сыйындай тап болған – Махамбет ауданының учаскелік инспекторы Алмас Камидоллин. Ол бүлдіршіннің мекенжайын дереу анықтап, 15 минутта анасымен қауыштырды.

← Все новости