Перейти к содержимому

Астана мен Алматыда 14 жерге бомба қойылғаны рас па?

Астана мен Алматыда 14 нысанға жарылғыш зат қойылған. Ала таңнан тараған бұл ақпарат жұртты дүрліктірді. Аяғынан тік тұрған полиция бірден іске кірісіп, мұның жалған екенін анықтады. Жедел-іздестіру барысында Алматы облысының екі оқушысы қолға түсті. Дәл осындай жағдай Шығыс Қазақстан облысында да тіркелді. Мұнда 9-сынып оқушысы әлеуметтік желідегі жанжалдан соң ашуына тиген адамдардан өш алуды көздеген. Ол әлдебіреулердің атынан Шымкент қаласының әкімдігі мен Ақтаудағы ірі сауда үйлерінің біріне «бомба қойылды» деген хабарлама жіберген. Жасөспірімдер ізін жасыру үшін анонимді телефон нөмірлері мен электрондық пошталарды пайдаланған. Бірақ балалардың шала ісін құқық қорғау органдары бірден тауып алды.

← Все новости