Перейти к содержимому
· 3 просмотра

Акушер-гинекологтар ауадай қажет

Елімізде дәрігерлер дефицитке айналды. Әсіресе акушер-гинекологтар ауадай қажет екен. Мәселен, Enbek.kz порталында әйелдер дәрігері бойынша 469 бос жұмыс орны жарияланса, оған 100 адам ғана ниет танытып, түйіндемесін жіберіпті. Бұдан бөлек, медициналық мекемелерге 448 педиатр қажет болса, анестезиолог-реаниматологтарға да сұраныс жоғары. Аталған бағыт бойынша 300 бос орын бар. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мамыр айындағы дерегі бойынша, онколог, неонатолог және эндокринолог мамандары да жетіспейтін көрінеді. Кадр тапшылығы тек медицина емес, IT саласына да тән.

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ:

Ақпараттық технологиялар саласындағы мамандарға да қажеттілік артып отыр. Атап айтқанда, қолданбалы бағдарламашылар, графикалық дизайнерлер сұранысқа ие. Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінің деректеріне сәйкес, бұл мамандықтар бойынша 45 мыңнан астам еңбек шарты жасалған. Салыстырмалы түрде алғанда, 2025 жылы Enbek.kz порталында сұранысқа ие мамандықтар бойынша 9 мыңнан астам бос жұмыс орны жарияланды. Медицина саласының мамандары дәстүрлі түрде жоғары сұранысқа ие болып отыр.

← Все новости