Перейти к содержимому

Диқан қаржылық қолдаудан қиындық көрмеу керек

Дән себу науқанында диқанның қолын байлайтын кедергі болмау керек. Бүгін Үкімет отырысында Олжас Бектенов жауапты орган басшыларына осылай деп тапсырды. Премьер-министрдің пайымынша, биылдан бастап егіс алқабындағы жұмыстар жер жырту, тұқым себумен шектелмейді. Сан мен сапаға көңіл бөлінеді. Өнім көлемін арттыруға да талап қойылады.

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Агротехнологиялық талаптар белгіленген нормаларға сәйкес мүлтіксіз орындалуға тиіс. Биыл 2,3 млн тонна тыңайтқыш себу және элиталық тұқымдардың үлесін 11,7 пайызға дейін жеткізу жоспары бекітілді. Аталған көрсеткіштерге толық көлемде қол жеткізу керек.

Үкімет азық-түлік қауіпсіздігі мен импортқа тәуелділікті азайтуды басты орынға қойып отыр. Сондықтан жергілікті әкімдіктер мен Ауыл шаруашылығы министрлігі әрбір гектардан түсетін өнімнің көлемін, агротехнологияның сақталуын жіті бақылауға алуы тиіс.

← Все новости