Перейти к содержимому

Шаруаға күйік болған киік мәселесі

Әу баста атамыз, кейін сатамыз деп киікті не істерін білмей дал болып жүрген Экология министрлігі Үкіметте ақбөкеннің мәселесін тағы көтерді бүгін. Вице-министр Нұркен Шәрбиевтің сөзінше, биыл дала еркесінің есебі 5 млн-нан асуы мүмкін. Бірақ қазір төлдейтін шағы екенін ескерсек, тіпті бұдан да көп болуы ықтимал.

Сол себепті ведомство оның популяциясын қолмен реттеу мәселесін қайта қарамақ. Ал қазіргі өңірлердегі киіктің қырылуы табиғи норма деп есептеп отыр шенеунік. 26 мың бас өлген. Оның 11 мыңнан астамы Батыс Қазақстан облысында.

НҰРКЕН ШӘРБИЕВ, ҚР ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазіргі уақытта есептеу жұмыстары аяқталды, ресми қорытындылар маусым айында жарияланады. Алайда популяция 5 миллионнан асады деп күтіліп отыр. Еліміз үшін киіктердің оңтайлы саны кемінде 900 мың бас болуы керек. Сондықтан популяцияны реттеу мәселесін қарастыру қажет деп есептейміз. Дегенмен, түпкілікті шешім тек биологиялық негіздемеге сүйене отырып, ветеринариялық қызметтердің қорытындылары мен ұсыныстарын ескере отырып қабылданады.

← Все новости