Атырау облысында қайын жұртын қынадай қырып, көміп тастады деп күдікке іліккен жігітке қатысты тергеу аяқталды. Енді атышулы істі судья Зарема Хамидуллина қарайды. Ол бұған дейін 23 жастағы бойжеткеннің өліміне кінәлілерді өмір бойына соттаған қара қылды қақ жарған заң саласының маманы. Ал Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі алдын ала тыңдау 18 мамыр күні сағат 11:00-де өтетінін хабарлады. Айта кетейік, қазір күдікті 3 бірдей баппен кінәлі деп танылыпты. Сұлтан Сәрсемалиевке екі немесе одан көп адамды өлтірді, алаяқтық жасады және алдын ала сөз байласу арқылы топ болып ұрлық жасады деген айыптар тағылған. Сондай-ақ оның жұбайының да қылмысқа қатысы бары анықталып, сотта жауап бермек.