Перейти к содержимому
· 8 просмотров

Талдықорғанда көлікпен жүру қиын

Не қуанарын, не жыларын білмейді. Талдықорғанда жолдарды жаппай жөндейміз деп, жан-жақты қазып тастапты. Енді тұрғындар діттеген жеріне жете алмай қиналып жүр.

«Қазатын болса, кезек-кезекпен алып, шет-шетімен жасаған дұрыс қой. Алды да барлығын, ходовканың бәрі кетеді ғой».

«Жан-жақты қазып тастады ғой, қазір айналып жүресің жынды сияқты».

Жөндеу жұмыстары сәуір айында басталыпты. Жоспар бойынша 8 көшенің 70 шақырым жолы тегістеледі. Ол үшін бюджеттен бақандай 10 млрд теңге бөлініпті. Жауаптылар барлық жұмыстар шілде айына қарай аяқталады дейді.

ЕРЛАН НИЕТБАЕВ, «ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІ» ММ БАСШЫСЫ:

Дәл қазір біз Абай көшесінде тұрмыз. Абай көшесінде орташа жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Көлік қозғалысын шектеу алдында біз міндетті түрде әлеуметтік желілерде хабарлап отырамыз. Барлық шектеулер қажетті ұйымдарға алдын ала ескертіледі. Жедел жәрдемге, тасымалдаушы ұйымдарға алдын ала ескертіп отырамыз.

Нұрай Құрақпай

← Все новости