Баспана құнының өсуіне еш негіз жоқ. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді. Мәжілісте тілшілер ведомство басшысына «елде жақын арада пәтер мен автокөлік арзандай ма?» деген сұрақ қойған. Шенеунік бұл болжамға күмәнмен қарайтынын айтып, бағаның төмендеуі екіталай екенін жеткізді. Сонымен бірге ол қазіргі жағдайда тұрғын үй нарығында қымбаттауға да нақты себеп жоқ екенін атап өтті. Яғни баға айтарлықтай өзгеріссіз сақталуы мүмкін.
Рамазан Палмағанбет