Перейти к содержимому
· 4 просмотра

Әйелін Мәжіліс құжатымен құттықтаған депутат жауап берді

Бәрін айт та, бірін айт, көк папканың жырын айт. Депутат Дәулет Мұқаев әйелінің гештальтына қатысты дауға жауап берді. Депутат 5 мамыр күні келіншегінің туған күніне арналған құттықтау сөзін Мәжілістің ресми папкасына салып берген. Бірақ ол бұл атрибутты 5000 теңгеге сатып алыпты. Алайда соған қарамастан Мұқаевтың бұл әрекеті әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Кейбірі заң шығарушы органның мүлкі депутаттардың ойыншығына айналды деп сөкті. Ал бүгін Мәжіліс кулуарында журналистердің сұрағына жауап берген халық қалаулысы бұл ешқандай ресми құжат емес екенін айтты.

ДӘУЛЕТ МҰҚАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Парламенттегі регламентке сәйкес, ешқандай бір құқық бұзушылық болған жоқ. Регламентке сәйкес, бланк дейді ғой, ресми бланкіні ғана пайдалануға рұқсатсыз болмайды. Мұндай жағдайда бұл папка болып есептеледі. Одан кейін ол жерде ешқандай да әріптестердің құттықтауы, қолы да, ештеме болған жоқ. Білмеймін енді, соған бола. Туған күні 5-і болды. Бірақ әлеуметтік желіде тоғызы мен оны шулап кетті. Арнайы тапсырыс болды ма, білмеймін енді.

← Все новости