Перейти к содержимому
· 3 просмотра

Қазақмысты майшелпек қылған

Қазақмысты майшелпек қылғандар ұсталды. Ұры алыстан келмеген. Ұйымдасқан топқа компанияның күзетшілері де көмектесіпті. Күдіктілер кәсіпорынның аумағынан бағалы металл мен жанармайды жымқырып отырған. Ізін жасыру үшін жалған құжат та жасапты. Қазіргі таңда шығынның 94 пайызы өтеліп, тергеу жүріп жатыр. Полиция биылдың өзінде осындай 4 қылмыстық топты анықтаған.

ҚУАНДЫҚ АЛПЫС, ҚР ІІМ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӨКІЛІ:

Қазіргі уақытта тергеу-жедел іс-шараларының кешені жүргізілуде, қаржылық-шаруашылық құжаттамаға талдау жасалып жатыр, келтірілген шығын көлемі анықталуда. Алдын ала мәлімет бойынша, шығын аса ірі көлемде болуы мүмкін.

← Все новости