Бүгінде бір ауыз «алло» деген сөзің өмір бойғы жиған-тергеніңді алаяқтың қанжығасына байлап беруі мүмкін. Кейде банк табалдырығын тоздырсаң да берілмейтін миллиондаған несие телефонның арғы жағындағы көрінбейтін қолдарға оп-оңай олжа болуда.
Сұрқия пиғылын іске асыру үшін түрлі нөмірлерден қоңырау шалатындардың мәселесі бүгін Мәжілісте тағы көтерілді. Депутат Асхат Аймағанбетов жауапты министрге осы мәселеге байланысты сұрақты төтесінен қойды. Халық қалаулысының айтуынша, күмәнді нөмірлерді автоматты түрде бұғаттау туралы бастама бұйрық деңгейінде шешілуге тиіс еді. Алайда Жасұлан Мәдиев бұл ұсынысты қарастырамыз деп құтылды.
АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
Осыған байланысты бұл автодозвонға тыйым салу бойынша норма неге министрлік бүгін қолдамай отыр? Бұйрық деңгейінде шешеміз деп еді. Бұйрық деңгейінде де бұл мәселе әлі шешімін таппады?
ЖАСЛАН МӘДИЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ — ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ:
Автодозвон ұсынысын қарастыратын боламыз, егжей-тегжейлі талқылаймыз оны.