Перейти к содержимому
· 8 просмотров

Орташа жалақы — 461 486 теңге

Еліміздегі орташа жалақы мөлшері белгілі болды. 2026 жылдың бірінші тоқсанында 461 486 теңгеге жетіпті. Бұл жөнінде Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді. Былтырғы жылдың осы кезеңіне қарағанда еңбекақы 9 пайызға өскен. Алайда инфляцияны ескерсек, 2,3 пайызға түсіпті. Өңірлерге тоқталсақ, айлық біршама көтерілген аймақтардан Павлодар, Абай, Жетісу облыстары көш бастап тұр. Ал ең жоғары орташа жалақы Маңғыстау, Ұлытау және Атырау облысына тиесілі. Сондай-ақ еңбекақы орман және балық шаруашылығы, қаржы және сақтандыру, су салаларында жоғарылаған.

← Все новости