Жамбыл мен Түркістанның шаруаларын шырылдататып қоятын шегірткелер биыл едәуір азайған. Ауыл шаруашылығы вице-министрі осылай деп қуантып қойды. Сөзінше, осыдан екі жыл бұрын зиянкестерді өңдеу жұмыстары 3,1 млн гектар аумақты қамтыса, биыл бұл көрсеткіш 2,2 млн гектарға дейін азайыпты. Ведомство мұны кешенді жұмыстың нәтижесі деп отыр. Соңғы жылдары мониторинг пен алдын алу шаралары күшейген. Биылдың өзінде шегірткелерге қарсы күрес жұмыстарына 532 арнайы бүрку техникасы пайдаланылған.
ЕРМЕК КЕНЖЕХАНҰЛЫ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Ағымдағы жылы біз 532 техниканы жұмылдырып отырмыз. Оның ішінде авиациялық, жер үсті техникалары, дрондар. Өңдеу жұмыстарына біріктіріледі бәрі. Фитосанитариялық қызметтің материалдық-техникалық базасын жаңғырту аясында мониторинг пен нүктелік өңдеу жұмыстарын жүргізуге арналған тағы 103 дрон сатып алынды.