Перейти к содержимому
· 9 просмотров

Сенатор Сырдарияның жай-күйін айтып, дабыл қақты

Қызылорда облысы жыл сайын 2 млрд текше метр су жоғалтады. Сенатор Руслан Рүстемов аймақтағы ахуалды айтып, депутаттық сауал жолдады. Оның сөзінше, өңірде су тапшылығы мәселесі өте өткір. Қазіргі уақытта арналардың көбі тозып, апаттық жағдайда тұр. Мәселені шешу үшін бюджеттен қаражат бөлініп, 15 каналды бетондау жобасы дайындалған. Бұл шаралар су үнемдеуге және оның бір бөлігін Арал теңізіне бағыттауға мүмкіндік береді, дейді халық қалаулысы.

РУСЛАН РҮСТЕМОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру жобасына енген 12,5 мың шақырымдық ішкі шаруашылық каналдарын республикалық меншікке қабылдап, олардың бетондалуын қамтамасыз етуге және 2018-2020 жылдары облыстық бюджеттен 796 млн теңгеге дайындалып, тиісті министрлікке ұсынылған құжаттама бойынша мәселені түпкілікті шешуді жеделдетуге, аталған жобаларды қаржыландыруды қамтамасыз етуге ықпал жасауыңызды сұраймын.

← Все новости