Перейти к содержимому
· 1 просмотр

Астанада екінші әуежай қайда салынатыны белгілі болды

Елорданың екінші әуежайы қайда салынатыны белгілі болды. Қала әкімінің орынбасары ол үшін Астанада келешегі зор бірден үш алаң бар екенін жеткізді. Бұл — Қосшы, Қарағанды мен Павлодар тас жолдары сынды үш бағыт. Қазір қолайлысын таңдау үшін арнайы топ жұмыс істеп жатыр екен. Бұл туралы Ерсін Өтебаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында айтты. Еске салайын, бұған дейін Жеңіс Қасымбек кез келген елдің астанасында бір емес, екі, тіпті одан да көп әуежайлардың болуы заңдылық деп пікір білдірген еді.

← Все новости