Перейти к содержимому
· 1 просмотр

Түркістандағы саммиттің маңызы қандай?

Бүгін Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті басталады. Маңызды жиын «Жасанды интеллект және цифрлық даму» тақырыбына арналып отыр. Алқалы шараға біздің елден бөлек, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия мен Өзбекстан президенттері қатысады деген жоспар бар. Сондай-ақ Еуропадан ат терлетіп Мажарстан басшысы мен Түрікменстаннан делегаттар бақылаушы ретінде қатысады. Соңғы деректерге сүйенсек, бір шаңырақ астына жиналған елдердің жалпы ішкі өнімі 2,4 трлн долларды құрап отыр. Ал Дүниежүзілік банктің есебі бойынша, цифрлық экономиканың әлемдік үлесі 15%-дан асқан. 2030 жылға қарай жасанды интеллект әлем қазынасына 20 трлн долларға дейін үлес қосады деген болжам бар.

АМАНГЕЛДІ ҚҰРМЕТҰЛЫ, САЯСИ САРАПШЫ, ЖУРНАЛИСТ:

Қазақстан Президенті Тоқаев киберқауіпсіздік мәселесінде ортақ кеңес құру керек деді. Бұл кеңес, бәлкім, түптің түбінде осы саммитте белгілі бір орталық құру тұрғысынан да қайта пысықталуы ықтимал. Өйткені киберқауіпсіздік қазір әлем үшін өте маңызды. Мұндай мәселенің барлығы осындай саммиттерде пысықталады. Қазір Түркі мемлекеттері орналасқан аймақ біршама сенімді, қауіпсіз дәлізге айналып отыр.

Еліміз осы тенденциялардың бәрін жан-жақты саралай отырып, нейрожүйе мен цифрлық технологияларды кезекті экономикалық серпілістің көзі, технологияшыл ұлтқа айналудың тетігі ретінде таңдап алды. Түркістандағы бейресми саммит тек саяси диалог алаңы ғана емес, Түркі әлемінің ортақ тарихи мұрасы мен технологиялық болашағын байланыстыратын символдық кездесу ретінде де бағаланады.

← Все новости