Перейти к содержимому
· 5 просмотров

Географиядан олимпиада жеңімпаздары марапатталды

Бүгін елордада Geo Star ұлттық география олимпиадасы өз мәресіне жетті. 13 өңірден жиналған 60-қа жуық оқушы марапатталып, бағалы сыйлықтар алды. Төртінші мәрте ұйымдастырылған жарыс барысында балалар екі турдан өткен. Бірінші кезеңде дәстүрлі олимпиада форматына сай білімін сынаса, екінші кезеңде дала жұмыстарына қатысып, түрлі тапсырмалар орындапты. Осылайша олар география пәнін тек сыныпта ғана оқып қоймай, халықаралық деңгейде шеберлігін шыңдайды. Ерекшелігі — бұл байқауға тек 7-8 сынып оқушылары қатысып отыр.

ҚАНАТ АЛДАШЕВ, GEO STAR ҰЛТТЫҚ ГЕОГРАФИЯ ОЛИМПИАДАСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

Координаттарды есептеу немесе координатпен белгіленген орынды табу, компаспен солтүстік, оңтүстік бағыттарды табу — бұл 7-сынып, 8-сыныпқа байланысты қиындай береді. Бүгінгі іс-шарадан, бүгінгі олимпиададан жүлделі орын алған оқушылар, бірінші, екінші, үшінші орын алған оқушылар қосымша тағы бір турға ағылшын тілінде қатысады. Ағылшын тілінен ұтқан оқушы жылда Азияда өтетін олимпиада жарысына қатысады.

ҰЛЫҚБЕК АСҚАР, ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗЫ:

Көптеген географиялық олимпиадаға қатысқам. Аудандықта, облыстықта абсолютті орындар алдым. Содан тәжірибем бар. Елтанумен жақсы айналысқам, содан кейін қызығушылық пайда болды.

← Все новости