Перейти к содержимому
· 16 просмотров

Дәрі-дәрмек сақтайтын жаңа қоймалар салынады

Елімізде дәрі-дәрмек сақтайтын жаңа қоймалар салынады. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі таңда қойма жалдауға кететін шығынды азайту бағытында жұмыстар жүргізілуде. Жоба аясында Ақтөбе, Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау және Семей қалаларында орталықтар салу көзделіп отыр. Сондай-ақ препараттарды сатып алу процесін ашық әрі бақылауға ыңғайлы ету үшін арнайы жүйе енгізіледі. Онда логистика мен жұмыстың барлық кезеңі қадағаланады.

Рамазан Палмағанбет 

← Все новости