Перейти к содержимому
· 13 просмотров

Ақылы автотұрақ тарифі көтеріледі

Жүргізушілер тұраққа жауапты жекеменшік компаниямен жылап көрісуі мүмкін. Елордада жыр болған ақылы автотұрақтар әкімдіктің меншігіне берілетін болды. Қазір бұл процесс соңғы сатыға жақындап қалыпты. Ал халықтың жағдайын жасап, көлік тұрағын шешеді деп сенген атқамінерлер жаңа ереже бекітейін деп отыр. Алдағы уақытта Астанада ақылы орынның тарифі көтерілуі мүмкін. Тіпті мұндай санаттағы көлікжайлардың қатары артады екен. Бас қала әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаевтың сөзінше, бұл шешім елордада халық санының артуына байланысты қабылданған көрінеді. Сондықтан шаһардың кейбір бөлігіндегі тұрақтардың тарифі қайта қаралмақ. Шенеуніктің сөзінше, бұған дейін компания шамамен 5 млрд теңге табыс тауып келген.

 

← Все новости