Перейти к содержимому
· 22 просмотра

Қайын жұртын қынадай қырған күдіктінің соты басталды

Атырауда 4 адамды өлтіріп, бүтін бір әулеттің ойранын шығарған күдіктіге қатысты сот басталды. Мемлекеттік айыптаушы атышулы істің ақ-қарасын жайып салды. Прокурордың сөзінше, қаскөй алдымен қаладағы қайын ағасын өлтіріп, атынан 4 млн теңге несие алған. Кейін ата-енесі тұрған Жангелдин ауылына қонаққа барыпты. Сол кезде отбасы мүшелерінің арасында жанжал шығып, сарайда жүрген енесін жер жастандырған. Кейін қайын атасына суық қару сұғып алған. Олардың да банк картасындағы қаржысын қарпып, шетелге қашып кетіпті.

МИРАС БАУЫРЖАНОВ, ОБЛЫС ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БАСҚАРМА АҒА ПРОКУРОРЫ:

2025 жылдың желтоқсан айының 9-ы күні Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласына Қапланбек автокөлік бақылау-өткізу пункті арқылы өтіп, желтоқсан айының 13-і күні «Ташкент — Куалалумпур — Бали» бағытына әуе рейспен Бали аралына жеткен. 24 ақпан 2026 жылы Сәрсемәлиев және Мұқанғалиева Индонезияның көшіп-қону заңнамасына сәйкес елде болу мерзімін асырғаны үшін ұсталып, Қазақстан Республикасына депортацияланған.

Сұлтан Сәрсемалиевке екі немесе одан көп адамды өлтірді, алаяқтық жасады және алдын ала сөз байласу арқылы топ болып ұрлық жасады деген айыптар тағылған. Дегенмен күдікті соттың алғашқы күні қайын жұртын жазғыра сөйледі. Отбасымен ажырастыруға жасаған қысастығына қасақана қастандықпен жауап бергенін жеткізді. Алайда жазадан жалтармайды екен.

СҰЛТАН СӘРСЕМАЛИЕВ, СОТТАЛУШЫ:

Тергеу кезінде тағылған айыпты толық мойындаймын. Жан-жақты тергелді. Қылмыс толықтай ашылды деп ойлаймын. Және жасаған қылмыстарымнан да, оған берілетін кез келген ауыр жазадан жалтармаймын. Өлім жазасына да, өмір бойы түрме жазасына да дайынмын.

← Все новости